ЭССЕ

Сабақ № 17-18

Оқу мақсаты:

Бағалау критерийі:

Дескриптор:

Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде эссеге: «Эссе – бір нәрсенің әсерінен болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма» деген анықтама берілген. Эссе (фр. тіл. Essai – тәжірбие, лат.т. exagium – құрау) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Эссе жеке көзқарас, сараптама, дәлелдемелерге негізделеді. Эссенің мақсаты – әр түрлі тезистер, дәлелдер келтіре отырып берілген тақырыпты ашу. Онда нақты айғақтар беріліп, мысал келтіріледі.

Дәлелдеудің үш құраушы бөліктері:

ЭССЕ ҚҰРЫЛЫМЫ

І Кіріспе (көлемі – эссенің 30%-ы)

Эссенің маңызды ережелерінің бірі – тезис қою. Тезис – автор ұстанымы, негізгі бөлімде дәлелденетін ойға сілтеуші негізгі идея. Тезис кіріспе бөлімде қойылады. Кіріспе бөлім нені қамту керек?

Кіріспе бөлімде эссе жазушы эссе тақырыбына түсінік береді. Осы арқылы жазушының эссе тақырыбын түсінгенін анықтай аламыз. Бұл тақырып неліктен өзекті екендігі жазылады.

Тақырып және оның өзектілігі туралы жазылғаннан кейін тезис қойылады. Тезистен кейін негізгі бөлімге көшуші сөйлем жазылады. Эссенің тақырыбына сәйкес проблемалық сұрақ қоюға болады.

ІІ Негізгі бөлім (көлемі – эссенің 60%-ы)

— тезис, дәйек (аргумент), талдау, абзацты қорытындылаушы сөйлем, абзацтан абзацқа өтуші сөйлем

— тезис, дәйек (аргумент),, талдау, абзацты қорытындылаушы сөйлем, абзацтан абзацқа өтуші сөйлем

Эссе авторының ойлары проблема бойынша қысқа тезистер ретінде беріледі, ойлар дәлелді болуы тиіс, сондықтан тезистерден кейін дәйектер жазылады. 

Дәйектер – қоғамдық өмірден, алынған фактілер, оқиғалар, ғылыми дәлелдер, ғалымдардың пікірлеріне жүгіну, шығармадан үзінді келтіру және т.б. Әрбір тезиске екі дәйек келтіріледі, себебі бір дәйек келтіру көп жағдайларда жеткіліксіз, үш дәйек ықшамдыққа және көркемдікке бағытталған жанрда жазылған шығарманы «ауырлатуы» мүмкін.

Дәйекті жазғаннан соң, оған талдау жасалады. Абзацта айтылған тезис, дәйек, талдаулардан кейін абзацты қорытындылап, жинақтап, бекітетін қорытындылаушы сөйлем жазылады. Абзацтан абзацқа өтуші сөйлем жазылады.

 

ІІІ Қорытынды (көлемі – эссенің 10%-ы)

Қорытынды бөлімде логика бойынша кіріспе бөлімдегі тезиске қайта оралады. Негізгі бөлімдегі абзацтардың түйінін шығарады. Өз көзқарасын қысқаша жеткізіп, кіріспедегі мәселені түйіндейді.

Эссе жазудың талаптары мен тәртібі:

ҮЛГІ:

Сенің досың бос уақытын тиімді өткізе ала ма?

Уақыт – біздің өміріміздің ең маңызды бөлігі. Әр адамның сүйікті ісімен айналысатын бос уақыты болады. Сол бос уақытты тиімді ұйымдастырған жөн. Менің Аяулым атты құрбым өзінің бос уақытын тиімді өткізе ала ма?

Аяулым өзінің бос уақытын барынша тиімді өткізуге тырысады. Ол алдын ала айналысатын істеріне байланысты жоспар құрып алады. Бос уақытында сүйікті істермен айналысады. Би үйірмесіне қатысады. Фантастикалық жанрдағы кітаптарды оқуды ұнатады. Үйде бөлме гүлдерін күтудің жолдарын біледі. Аяулым өзінің бос уақытын зая кетірмей, пайдалы істерге арнағысы келеді.

Қорытындылай келе, адам өзінің бос уақытын басқара, яғни жоспарлай білуі керек. Әрбір іске шыдамдылық танытуы қажет. Сонда ғана адам жетістіктерге жете алады. 

Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіңізге таныс адамды сипаттап жазыңыз. Тақырыбы: «Адам тәрбиелі болу үшін қандай қасиеттер болу керек?» Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданыңыз. 5 зат есімге төмендегі кесте бойынша талдау жасаңыз. Дескриптор бойынша бағалап, талдау жүргізіңіздер.

Сабақ № 19-20

Оқу мақсаты:

Бағалау критерийі:

Дескриптор:

Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіңізге таныс адамды сипаттап жазыңыз. Тақырыбы: «Менің ең жақын досым».  Эссе жазу барысында сан есімнің мағыналық түрлерін ажыратып, сан есімді зат есім орнына қолданыңыз. Эссені жазып болғаннан кейін қолданған 3 сан есімді теріп жазып, мағыналық түрлерін ажыратыңыз. Зат есімнің орнына қолданған сан есімдерді теріп жазып, олардың қандай зат есімнің орнына қолданғанын түсіндіріңіз. Дескриптор бойынша бағалап, талдау жүргізіңіздер.

Сабақ № 21-22

Оқу мақсаты:

Бағалау критерийі:

Дескриптор:

ҮЛГІ:

Бос уақытты қай жерде өткізгің келеді?

Адам өмірінде бос уақыттың рөлі ерекше. Адамдардың көбі бос уақыттарын ұтымды пайдалана алмайды. Бос уақытты өзіңнің сүйікті ісіңе арнаған жөн.

Мен бос уақытымда қаланың көрікті жерлерін аралауға арнаймын. Демалыс күндері мен қаламыздың қақ ортасында орналасқан, ғимараты алыстан көз тартатын «Достық Молл» сауда үйіне барғанды ұнатамын. Сауда үйі төрт қабаттан тұрады. Іші жарық, төбелері биік. Басқа қабаттарға жеделсатымен көтерілуге болады.  Бірінші қабатында «Аймер» деген азық-түлік бөлімі, киім сататын бөлімдер бар. Екінші қабаттарда тұрмыстық техника сататын «Мечта» дүкені бар. Үшінші қабатында ойын-сауық орталығы орналасқан. Ал төртінші қабатында кинотеатр бар. Біз достарымызбен, отбасымызбен демалыс күндерін осындай керемет  орындарда өткізуге тырысамыз.

Қорыта келе, бізге берілген алтын уақытты тиімді өткізуіміз керек. Бос уақытымызды текке өткізбей, пайдалы істерге жұмсай білейік.

Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, белгілі бір мекенді  суреттеп жазыңыз. Таңдауыңыз бойынша еліміздің бір көрікті жерін суреттеп жазыңыз. Эссе жазу барысында сын есімдерді, шырай түрлерін орынды қолданыңыз,  сын есімді зат есім орнына қолданыңыз.

Эссені жазып болғаннан кейін қолданған сын есімдерді теріп жазып, мағыналық түрлерін ажыратыңыз. Шырай түрлерінің қолдануын түсіндіріңіз. Зат есімнің орнына қолданған сын есімдерді теріп жазып, олардың қандай зат есімнің орнына қолданғанын түсіндіріңіз. Дескриптор бойынша бағалап, талдау жүргізіңіздер.

Сабақ № 23-24

Оқу мақсаты:

Бағалау критерийі:

Дескриптор:

Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, белгілі бір мекенді  суреттеп жазыңыз. Өздеріңіздің туған жеріңізді суреттеп жазыңыз. Эссе жазу барысында төл сөз, төлеу сөз, автор сөзін қолданыңыз. Эссе жазып болғаннан кейін қолданған төл сөзді төлеу сөзге айналдырыңыз. Дескриптор бойынша бағалап, талдау жүргізіңіз.

Сабақ № 25-26

Оқу мақсаты:

Бағалау критерийі:

Дескриптор:

ҮЛГІ:

Уақытты үнемдей білеміз бе?

Біздің күнделікті өмірімізде бос уақытымыз көп болады. Бірақ сол бос уақытты тиімді пайдалана алмаймыз. Қанша уақытымызды пайдасыз істерге жұмсап жатамыз, сондықтан да «уақытымыз жетпей жатыр» деп айтатын адамдарды жиі кездестіруге болады. Бірде мынадай оқиғаның куәсі болдым.

Оқу жылы аяқталды. Әдебиет пәнінің мұғалімі жазғы демалыс уақытында көркем әдебиеттер оқуға берді. Мен кітапты саябақта оқығанды ұнататынмын. Бір күні әдеттегідей саябаққа барып, кітап оқыдым. Менімен шамалас екі ұл бала саябақтың ішінде жүгіріп, бір-бірін қуып ойнады. Содан кейін орындыққа жайғасып, қарқылдап күліп, жағымсыз әңгімелер айта бастады. Қолдарындағы ұялы телефонмен ойнап, кешке дейін отырды.

Олардың іс-әрекеттеріне қарап, бос уақыттарын пайдасыз іске жұмсағандарына ішім удай ашыды.

Қорыта келе, алтындай бос уақытымызды пайдалы істерге жұмсаған жөн. Күнделікті бос уақытымызды ұтымды жоспарласақ,  көптеген жетістіктерге жетеміз.

Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, мектепте болған бір оқиғаны сипаттап жазыңыз. Эссе жазуда төл сөз, төлеу сөз, автор сөзін орынды қолданыңыз, тыныс белгілерін дұрыс қойыңыз. Дескриптор бойынша бағалап, талдау жүргізіңіз.