ӘҢГІМЕ

Сабақ № 13-16

Оқу мақсаты:

Бағалау критерийі:

Дескриптор:

Әңгіме — оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры.

Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері:

ҮЛГІ:

Талантты Дана

Бір күні Дана деген қыз болыпты, ән айтуға өте жақын екен. Бірақ анасына Дананың ән айтқаны ұнамапты. Көзді ашып-жұмғанша 1 қыркүйек те келіп қалды. Барлық балалар әдемі форма, ақ бантиктерін тағып мектепке бара жатыр. Дәл солай Дананы да анасы киіндіріп, мектепке жіберді. Оқу жылы басталуына орай ұйымдастырылған мектептегі іс-шараны оқушылар да, мұғалімдер де, ата-аналар да тамашалады. Түрлі әндер айтылғанда, Дана тамсана тыңдап отырды. Үйіне келе сала, дәптерге жазып алған әндерін айта бастайды. Келесі күні сабаққа барады. Сабақ кезінде мұғалім:

– Қане, балалар, жазғы демалыста не істедіңдер? – деп сұрайды. Барлық балалар жазғы демалыста басқа қалаларға барғаны жайлы айтып берді. Дана үндемей отырды. Мұғалім сол кезде:

– Дана, ал сен жазда немен айналыстың? – деп сұрады. Дана орнынан тұрып:

– Мен ешқайда қыдыруға барған жоқпын, ештеңе жасаған жоқпын, тек ән жазумен айналысқаным болмаса, – деп үн қатты.                                                                    – Ооо, бұл дегенің керемет қой! Міне, балалар, адам деген осылай болу керек, – деп мақтады мұғалім. Дананың екі беті қызарып, ұялып қалады. Сол жерде бір-екі ән айтып береді. Балаларға ұнағаны соншалық – сыйлыққа түрлі заттар береді, кейбір балалар «Жарайсың!» деп қолдарындағы шоколадтарын беріп жатыр. Дананың жүзі бал-бұл жанып, қуанып кетті. Тағы ән салғысы келді.

– Дана, мен сені ән үйірмесіне жазайын, сонда өзіңді-өзің ары қарай дамытасың, – деді мұғалім. Дана кішкене сасқалақтап:

– Білмеймін, – деп мұңайып қалды. «Анам білсе, ашуланатын болды ғой» деген ой келді. Балалар үйіне тарайды. Дана күнде анасына айтпай сабақтан кейін ән үйірмесіне барып жүреді, әнді керемет орындайтын болады. Оқушылар алдағы мұғалімдер күніне дайындалып жүреді. Әне-міне дегенше мұғалімдер күні де болып қалады. Сол күні мұғалімдер қонаққа ата-аналарды да шақырады.

– Дана, әніңді қобалжымай айта бер, сенің де анаң концертке келді, – деді мұғалім.

– Менің анам келді ме?! – деп Дананың жүрегі тулай жөнелді.

– Иә, – деп мұғалім кетіп қалды. Бірер минуттан кейін концерт те басталды. Дананың анасы қуана тамашалап отырды. Түрлі әндер айтылып, билер биленеді. Арада жарты сағат өтеді.  Дананың ән айтатын кезегі келеді. Сахнаға Дана шығады, «Ұстазым» әнін орындайды. Анасына көзі түскенде, Дана қобалжып кетеді. Анасы жылап отыр екен. «Менің қызым әнді жақсы орындайды екен ғой, мен оны түсінбеппін», –  деп ойлайды анасы ішінен. Ән шырқалып болғаннан кейін, көрермендер ду қол шапалақ соғады. Дананың әні мұғалімдер мен ата-аналардың көңілінен шығады. Анасы қызын құшақтап:

– Жаным сол, мен сені мақтан тұтамын! – деп мәз болады.

Осылайша, анасы Дананы неше түрлі жарыстарға алып барады. Дана барлық жарыстардан жүлделі орын алып жүреді. Тіпті республикалық деңгейге дейін шығып жүреді. Ақшалай сыйлықтарға ие болады.

Арада талай жылдар өтеді. Дана 9-сыныпты бітіріп, музыкалық колледжге түседі. Оны бітіріп, жоғары оқу орнында оқуын жалғастырады. Дана анасының ғана емес, мектебінің, ауылының мақтанышына айналады. Ауылдың барлығы оны «Талантты Дана» деп атап кетеді.

13-14 сабақ тапсырмалары:

15-16 сабақ тапсырмалары: