
ОРФОГРАФИЯ
Сабақ № 31-32
Оқу мақсаты:
- 5.3.6.1 мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау;
- 5.4.5.5 төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру
Бағалау критерийі:
- мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзетеді және редакциялайды;
- төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін біледі, төл сөзді төлеу сөзге айналдырады.
Дескриптор:
- мәтіннен орфографиялық қателерді табады;
- орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып түзетеді;
- орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып редакциялайды;
- төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін біледі, төл сөзді төлеу сөзге айналдырады.
Орфографиялық сөздік – емленің ережелері мен қағидаларына негізделіп, сөздердің дұрыс жазылуын көрсететін сөздік түрі.
Орфография – сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы және оны қарастыратын тіл білімінің бір саласы. Орфография дыбыстарды (фонемаларды) әріппен таңбалауды, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді.
Дұрыс жазу ережелерін емле деп те атайды.
Тілде жазу үш принципке сүйенеді.
- Морфологиялық принцип. Бұл принцип бойынша сөздер айтылуынша емес, бастапқы түбір тұлғасы сақталып жазылады. Мысалы: бас-шы (айтылуындай башшы емес), түн-гі (түңгі емес), Жан-пейіс (Жәмпейіс емес) болып сөздің түбірі де, қосымша да өз тұлғаларын сақтап жазылады.
- Дәстүрлі (тарихи) принцип бойынша сөздер әуелгі тұлғасында емес, тілде қалыптасқан тұлғасы бойынша жазылады. Мысалы: хал, хат, хабар т. б. сөздер қал, қат, қабар болып жазылмайды, дәстүр бойынша қалыптасқан тұлғасында жазылады.
- Фонетикалық принцип бойынша сөздер дыбыстық заңдарға сүйеніп, айтылуы және естілуі бойынша жазылады. Мысалы, жаздыгүні, сексен, бүгін, жауып қойды, белбеу сияқты сөздер осылай айтылуынша, естілуінше жазылады, ал бұл сөздердің тарихи тұлғалары — жаздың күні, сегіз он, бұл күн, жап+ып қойды, белбау.
Орфографиялық сөздікпен жұмыс жасау тәртібі:
- Сөздер әліпби тәртібімен орналасқандықтан, әліпби ретімен іздеу керек.
- Бірінші әрпі бірдей болса, екінші әрпіне қарау керек; екінші әрпі бірдей болса, үшінші әрпіне қарау керек.
1. Мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге
https://emle.kz/uploads/files/7897c672483778e6da555373be5d1099.pdf,
https://emle.kz/ сілтемелеріне сүйене отырып, түзетіңіздер және редакциялаңыздар. Жұпта жұмыстарыңызды алмасып, өзара бағалау жүргізіңіздер, дұрыс нұсқасымен салыстырыңыздар. Түзету парағын толтырыңыздар.
Өсімдіктер әлемі
Гүлдер мен гүлдөйтін өсімдіктер – табиғаттың аса манызды бөлігін құрайды. Олар қоршаған ортаға әдемі рен береді. Өсімдіктерді Жер шарынын барлық түгпірінен: теңіз тұңғиұғынан биік таулардан жазиралы даладан шөлдерден тіпті үнемі үскірік айаз соғып тұратын Солтүстік полюстен де кездестіруге болады. Өсімдіктер жануарлардан бұрұн пайда болған. Жер бетіндегі тіршілік өсімдіктерге тікелей тәуелді. Олар күн сәулесінен алған қуатты қорекке айналдырып, адамдар мен жануарларға азық полады. Бүкүл тіршілік атаулының тыныс алуына қажетті таза ауаны да өсімдіктер бөліп шығарады.
Тексеру парағы
Гүлдер мен гүлдейтін өсімдіктер – табиғаттың аса маңызды бөлігін құрайды. Олар қоршаған ортаға әдемі рең береді. Өсімдіктерді Жер шарының барлық түкпірінен: теңіз тұңғиығынан, биік таулардан, жазиралы даладан, шөлдерден, тіпті үнемі үскірік аяз соғып тұратын Солтүстік полюстен де кездестіруге болады. Өсімдіктер жануарлардан бұрын пайда болған. Жер бетіндегі тіршілік өсімдіктерге тікелей тәуелді. Олар күн сәулесінен алған қуатты қорекке айналдырып, адамдар мен жануарларға азық болады. Бүкіл тіршілік атаулының тыныс алуына қажетті таза ауаны да өсімдіктер бөліп шығарады.
Сабақ № 33-34
Оқу мақсаты:
- 5.3.6.1 мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау;
- 5.4.5.5 төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру
Бағалау критерийі:
- мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзетеді және редакциялайды;
- төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін біледі, төл сөзді төлеу сөзге айналдырады.
Дескриптор:
- мәтіннен орфографиялық қателерді табады;
- орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып түзетеді;
- орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып редакциялайды;
- төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолданады.
1. WhatsApp желісінде жазған мәтіндердегі орфографиялық қателерді сөздіктерге (Қазақ тілінің орфографиялық электрондық базасы https://emle.kz/) сүйене отырып, түзетіңіздер және редакциялаңыздар. Жұпта жұмыстарыңызды алмасып, өзара бағалау жүргізіңіздер, дұрыс нұсқасымен салыстырыңыздар. Түзету парағын толтырыңыздар.
Сабақ № 35-36
Сабақ түрі: қайталау
Екі топқа бөлініп, ішкі және сыртқы шеңбер жасаңыздар. «Сократтық семинар» әдісі бойынша жыл бойы өтілген тақырыптарды қайталау мақсатында сыртқы шеңбердегі оқушылар ішкі шеңбердегі оқушыларға сұрақтар қояды, содан кейін ішкі шеңбердегі оқушылар сыртқы шеңбердегі оқушыларға сұрақтар қояды.