ХАТ

Сабақ № 7-8

Оқу мақсаты:

Бағалау критерийі:

Дескриптор:

Хат – белгілі субъектінің екінші біреуге, бірлестікке, қоғамға, мекемеге арнап жазған жеке туындысы.

ХАТТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

Қорытынды бөлім

Хаттың ресімделуі:

Әдеби достық хат үлгісі:

Құрметті Қадыр!

          Бауырым, мен сенімен сырттай таныс болғанымен, сырласың емеспін. Сондықтан саған арнап жазып отырған бұл хатымды егде ағаның ежіктемесі деп қарайсың ба, әлде қамқор көңілдің қанағаттанғандық белгісі екен деп қарайсың ба – ол  арасын өзің білесің.

          Тағы бір шындығымды айтайын. Сен бір өлеңіңнен екіншісіне дейін бір құйындата самғаудасың, биіктен биікке, асқардан асқарға көтеріліп барасың. Осыныңа қуанам, риза болам. Сенің әрбір өлеңінде үлкен ой, тұжырымды түйін жатады.

          Мен сенің бұдан былай да творчестволық жаңа табыстарға жете беруіңе, белестен белеске көтеріле беруіңе шын көңілден тілектеспін.

          P.S. Саған осы хатты жазып болған бойда мына бір жеңіл әңгіме есіме түсе қалғаны.Соны да қоса салайыншы…

Ағалық көңілмен Мәлік Ғабдулин

 

https://martebe.kz/hat-zhanry-zh-ne-t-rleri/

Авторға хат үлгісі:

Құрметті Дулат ата!

        Қалыңыз қалай? Жағдайыңыз жақсы ма? Сіздің көптеген өлеңдеріңіз, жинақтарыңыз көп екен. «Өсиетнама» деген кітабыңыз бар екен. Сіз сияқты адамдарды мақтан тұту керек. Сіздің көптеген өлеңдеріңіздің арасынан ең ерекшесі – «О, Ақтан жас» өлеңі. Себебі сіз ол жақта өзіңіздің ойыңызды толықтай жеткізе алғансыз.  Және жетім балаға үміт бергенсіз. Жетімдіктің қандай екенін көрген Ақтанға үміт беріп оған: «Сұлу сүйер ме екенсің? Сауыт киер ме екенсің» деп оның елін қорғайтын батыр болуын қалайсыз, оның жетімдіктен қол үзіп, жақсы өмірге жететініне сенім бердіңіз. Әлемде барлық адамның барлығы сіз сияқты болса екен. Сіз сияқты болу – менің арманым. Мен сіз туралы интернет көздерінен оқыдым. Әдебиет кітабында сіз туралы  толық жазылмапты. Енді мен сіз туралы көптеген мәліметтер білетін боламын. Дулат Бабатайұлы кім деп біреу-міреу сұраса, тез білетінімнің барлығын айтып бере аламын. Дулат ата, мен  өткен жолы Ақтанға да хат жазған болатынмын. Ақтан менің хатымды алып, оқыды деген ойдамын.

          Жарайды, сау болыңыз! Сізді ұмытпайтын боламын. Аман-сау болыңыз. Езуіңізден күлкі кетпесін. Жақын арада өзіңізбен тағы да хат жазысып, әңгімелесіп отырамыз. Менің сұрақтарыма жауап жазыңыз.

Құрметпен …….

 

https://surak.baribar.kz/634420/

Үлгі:

Сәлем, Аружан!

      Қал-жағдайың қалай? Сабағың қалай? 4-тоқсанды қалай аяқтайын деп жатырсың? Жазғы демалысты қайда өткізуді жоспарлап отырсың?

           Менің қалым жақсы. Осы тоқсанды да үздік бағамен аяқтағалы тұрмын. Жазғы демалыста Петропавл қаласына кел. Сен келсең, қаламыздың көрікті жерлерін көрсетемін. Біздің қаламызда көздің жауын алатын әдемі жерлер өте көп. Мұражайларға, Абылай хан резиденциясына, ботаникалық баққа, аквапаркқа, «Dostyq Mall», «City Mall» сияқты үлкен сауда үйлеріне апарамын.

Жарайды, сау бол. Оқу жылын жақсы аяқта. Сенің келгеніңді тағатсыздана күтемін.

                                                                          Құрметпен досың Самира

29.04.2021   Қолы________