ЖАЗЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ТІЛ БІЛІМІ АРҚЫЛЫ ЖЕТІЛДІРУ

БАҒДАРЛАМА МАҚСАТЫ

5-сынып оқушыларының жазылым дағдыларын тіл білімі салаларымен байланыстыра дамыту

БАҒДАРЛАМА МІНДЕТТЕРІ

1. Мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
2. Мәтіндерді оқу және түсіну қабілеттерін дамыту;
3. Жазылым түрлері бойынша теориялық білім беру;
4. Жазылым дағдысын дамытатын тәжірибелік жұмыстарды түрлендіру;
5. Жазылымды тіл білімі салаларымен байланыстыру.

БАҒДАРЛАМА ӨЗЕКТІЛІГІ

Ойымызды сауатты жеткізу үшін жазылым дағдысын дамытудың маңызы зор. Жазылым әрекеттері күнделікті өмірімізде жүзеге асып жатады. Сондықтан жаңартылған оқу бағдарламасы оқушының жазылым түрлерін терең меңгертуді көздейді. 5-сыныпқа арналған барлық оқулық баспаларында жазылым дағдысын дамытатын тапсырмалар берілген, бірақ теориялық материалдар (жазба жұмысының құрылымы, ресімделуі, жанрлық ерекшеліктері), оқу мақсаттарына сәйкес жазылым үлгілері берілмеген. Сондықтан бұл бағдарламаның ерекшелігі – жазылымға негізделген оқу мақсаттары бойынша теориялық білімнің берілуі және тәжірибеде қолдана алу мүмкіндіктерін ашуы. Сондай-ақ әдеби тіл нормасын жүзеге асыратын оқу мақсаттары бойынша тапсырмаларды жазылым тапсырмаларымен кіріктіру жолдарын көрсету.

БАҒДАРЛАМА ЖАҢАШЫЛДЫҒЫ

Оқушылардың жазылым дағдыларын дамытуда тіл білімінің салаларымен байланыстырудың маңыздылығын көрсету

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

- оқушылардың жазылым дағдылары дамиды;
- мәтіндерден қажетті ақпараттарды таңдап, қолданып, біріктіре алады;
- өзіндік жұмыс істеу дағдылары қалыптасады;
- сыни ойлау, жазу қабілеттері дамиды;
- өз пікірін еркін жеткізуге төселеді;
- алған білімін өмірде қолдана алады;
- жазылым түрлері бойынша теориялық білім алады;
- жазылым дағдысын дамытатын теориялық білімді тәжірибеде қолдана алады;
- жазылымды тіл білімі салаларымен байланыстырады.

АНТИПЛАГИАТ НӘТИЖЕСІ